Сауд Арабиясында Украина бойынша бейбіт келіссөздер өтеді

312

Алайда оған Ресей шақырылмады.  

Сауд Арабиясында Украина бойынша бейбіт келіссөздер өтеді Фото: Adyrna.kz

Кездесу 5-6 тамызда Джиддеде өтеді және Сауд Арабиясы мен Украина 30-ға жуық елді, соның ішінде ЕО-ның ең ірі мемлекеттерін, АҚШ-ты, Үндістан, Бразилия, Индонезия, Египет, Мексика, Чили мен Замбияны кездесуге шақырды, деп жазады Inbusiness.kz Wall Street Journal баспасына сілтеме жасап.

Тамыз айының басында Сауд Арабиясында Украинадағы соғысты бейбіт жолмен реттеу туралы халықаралық келіссөздер өтеді, деп растады Украина билігі. Баспасөздің хабарлауынша, консультацияларға Украина мен оның батыс одақтастарының өкілдері ғана емес, дамушы елдердің делегациялары да қатысады. Ресей саммитке шақырылмады, өйткені оның басты тақырыбы Мәскеу үшін басып алынған аумақтарды босату туралы қолайсыз талап қойылған Украинаның бейбіт жоспары болады.

Жексенбі күні кешке Украина президентінің Кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілер мен мемлекет басшыларының саяси кеңесшілері Сауд Арабиясында Украинаның тұрақты және әділ бейбітшілікті қалпына келтіру бастамаларын талқылау үшін кездесетінін растады.

Ермактың айтуынша, Киев украиналық жоспар қақтығыс шешімінің жалғыз жолы.

"Сонымен бірге, барлық мүдделі тараптармен консультациялар барысында біз халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен БҰҰ Жарғысының ережелеріне қайшы келмейтін пікірлер мен ұстанымдарды ескеруге тырысамыз", — деді Украина Президенті Кеңсесінің Басшысы.

Президент Кеңсесінің Басшысы айтқандай, Украина өзінің бейбітшілік формуласын үш кезеңде жүзеге асырады деп күтеді.

Олардың біріншісінде Украинада аккредиттелген елшілермен кездесулер болуы керек. Екіншісінде — Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілердің жоспарды іске асырудың оңтайлы тұжырымдары мен тетіктерін іздеудегі кездесулері (Ермактың айтуынша, мұндай кездесу Копенгагенде өткен), ал келесі кездесу Сауд Арабиясында өтеді. Үшінші кезеңде жыл соңына дейін өтетін мемлекет көшбасшылары деңгейінде құрылтай жаһандық саммиті жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу