Сауд Арабиясында ұсталған қазақстандық спортшы 1 жылға сотталды

355

Сергей Веселов 27 маусымда Мәдина қаласында қаржылық алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған.   

Сауд Арабиясында ұсталған қазақстандық спортшы 1 жылға сотталды Фото: 1bol.kz

Бұған дейін оның не себепті ұсталғаны белгісіз болған еді, алайда соттан кейін Сыртқы істер министрлігі жағдайдың мән-жайын түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

3 қыркүйекте өткен сот отырысында Сергей Веселов кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айырылды.

"Министрлік Сергей Веселовқа қолдау көрсетуді жалғастырады және оның құқықтарының сақталуын қатаң бақылауда ұстайды", – делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Айта кетейік, жазда Сергей Веселовтың әкесі әлеуметтік желіде үндеу жариялап, ұлының 19 маусымда Астанадан Ыстанбұлға демалуға кеткенін, кейін байланыс үзілгенін хабарлаған. Кейін оның Мәдинада ұсталғаны анықталды, бірақ ұзақ уақыт бойы себебі белгісіз болып келген.

19 жастағы Сергей Веселов – Шығыс Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, пауэрлифтингтен әлем және Азия чемпионатының жүлдегері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу