Сауда министрі еліміздегі McDonald's желісі неліктен жабылғанын анықтауға уәде берді

Бұл Қайрат Боранбаев ісімен байланысты ма? 

Сауда министрі еліміздегі McDonald's желісі неліктен жабылғанын анықтауға уәде берді Фото: qazaquni.kz

Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері Сауда министрі Серік Жұманғариннен "McDonald's-тың жабылуы Қайрат Боранбаевтың тұтқындалуымен байланысты ма?" деп сұрады.

 "Шынымды айтсам, білмеймін. Біліп, жауап берейін. Бұл маған да қызық", – деп жауап берді министр.

Еске сала кетсек, бизнесмен Қайрат Боранбаев аталған жылдам тамақтану желісін елімізге 2016 жылы әкелген. Ал биылғы 18 қарашада желінің барлық мейрамханалары жұмысын тоқтатты.

Қайрат Боранбаев биылғы наурызда ұсталды. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу