Сауда нарықтарын цифрландыру кәсіпкерлік қызметті заңдастыруға мүмкіндік береді

240

Үкімет басшысы Олжас Бектенов ақпараттық жүйені құруды жеделдетуді тапсырды.  

Сауда нарықтарын цифрландыру кәсіпкерлік қызметті заңдастыруға мүмкіндік береді Фото: primeminister.kz

Сауданы дамыту және тауар айналымын арттыру экономикалық өсудің маңызды бағыттары болып қала береді. Өңірлік жол карталары бекітілді. Премьер-министр Олжас Бектенов оларды сапалы жүзеге асыру және тауар айналымын арттыру бойынша белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу қажеттігін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Сауда базарларын цифрландыру мәселесіне айрықша назар аудару қажет. Бүгінде елімізде 600-ге тарта базар жұмыс істейді. Олар микро және шағын бизнес үшін аса маңызды инфрақұрылым болып табылады. Цифрландыру кәсіпкерлік қызметті заңдастырып, салық базасын ұлғайту мақсатында базарлардың жұмысын айқын көруге мүмкіндік береді", – деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Сауда министрлігіне Жасанды интеллект  министрлігімен және "Атамекен" палатасымен бірлесіп, цифрландыру үдерісін жеделдетіп, тиісті ақпараттық жүйе құру тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу