Сауда саласындағы кәсіпкерлер тиімсіз салық режимін қолдануда

696

Сауда саласындағы кәсіпкерлер тиімсіз салық режимін қолдануда

Қазақстандағы саудамен айналысатын жеке кәсіпкерлердің 80 пайызы көлеңкелі бизнесте деп жазады 7kun.kz. LS-ке сілтемемен.

Кәсіпкерлерді қолдау орталығының директоры Дмитрий Казанцевтің айтуынша, Қазақстанда 2,5 млн адам өз-өзін жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Олар тиісті салық төлемейді дейді орталық басшысы.

"Біз жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, 2,5 млн адамның жартысынан көбі өз-өзін жұмыспен қамтамасыз еткен. Instagram-да әр екінші аккаунт зат сатады немесе қандай да бір қызметтерді ұсынады. Олар офис жалдамайды, салық төлемейді. Үкімет олардың көлеңкелі бизнестен алып шығып, салық төлеп, мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғаныста болғанын қалайды. Қазір барлық төлемдерді біріктіретін салық жүйесі талқыланып жатыр", - деді Казанцев.

Оның айтуынша, жеке кәсіпкерлердің 80 пайызы чек бермейді. Тиісінше, салық та төлемейді.

"Бұл жағдай неліктен болып жатыр? Себебі, біздегі жеке кәсіпкерлер негізінен 3 пайыздық жеңілдетілген салық режимінде жұмыс істейді. Олар шығынды барынша азайту үшін табысын 500 мың теңге деп көрсетіп, 15 мың теңге көлемінде салық төлейді. Ал ештеңені жасырмай, шынайы сандарды көрсетсе дүкендер 100 мың теңгеге дейін салық төлеуі мүмкін. Онда дүкендер бұл соманы көтере алмай жабылып қалуы мүмкін", - дейді Дмитрий Казанцев.

Оның сөзінше, сауда саласындағы кәсіпкерлердің 90 пайызы өзіне тиімсіз жеңілдетілген салық режимінде жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу