Сауда және интеграция министрлігі кәсіпкерлерді қалай қолдайды?

886

Министр нақты мысал келтірді. 

Сауда және интеграция министрлігі кәсіпкерлерді қалай қолдайды? Фото: primeminister.kz

Сауда және интеграция министрлігі сауда дипломатиясы арқылы отандық бизнестің ұлттық мүддесін қорғайды. Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Бақыт Сұлтанов осылай деді. 

"Бізде нақты мысалдар бар. Бұған дейін "Зенченко и К", "J.F.M. Company" және "Айсберг ПВ" жауапкершілігі шектеулі серіктестерінің өнімін Ресей нарығына шығаруға негізсіз тыйым салынды. Қазақстан көмірін Украинаға тасымалдауға да тосқауыл қойылды. Қазіргі таңда барлық мәселе оң шешілді. Министрліктің мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуінің нәтижесінде АҚШ үкіметі Қазақстан уранының кіргізілуіне квота енгізу бастамасынан бас тартты. Біз халықаралық аренада Қазақстан экспортының мүддесін қорғауды жалғастыра береміз", – деді Бақыт Сұлтанов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу