Сауда желілеріне 17 млрд теңге жеңілдікпен несие берілді

703

Былтыр 2 млрд теңге берілген еді.  

Сауда желілеріне 17 млрд теңге жеңілдікпен несие берілді

Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қалай реттелетінін айтты.

"Шекті бағаны белгілеумен қатар, бағаны тұрақтандыру үшін айналым схемасы, тұрақтандыру қорының қалыптасуы, жақсы логистика және азық-түлікті жеткізудің тізбегін цифрландыру тәрізді құралдар енгізілуде. Сауда желілеріне жеңілдікпен несие беру үшін биыл жергілікті бюджеттен 17 млрд теңге бөлінді. Былтыр бұл сома 2 млрд теңге болған еді. Өңірлер бағаны ұстап тұру үшін нарықтық құралдарды пайдаланатын болады. Тұрақтандыру қорларында 35 мың тонна азық-түлік тауарлары бар. 7 мың тонна азық-түлік тауарына форвардтық келісімшарт жасалды", – деп атап айтты Азамат Асқарұлы.

Вице-министрдің сөзінше, қазір азық-түлік тауарларының бағасын арзандатып, нарықты отандық тауарлармен толтыру үшін бірқатар шара атқарылып жатыр.

"Министрлік ұлттық тауар өткізу жүйесін құрды. Заманауи көкөніс сақтау қоймалары, көтерме-тарату орталықтары, басқа да инфрақұрылым салынып жатыр. Қазір дискаунт пен хард дискаунт, онлайн сауда-саттық және алқаптан тікелей сөреге жеткізу тізбегін цифрландыру тәрізді заманауи сауда форматтары енгізілуде", – деді ол.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу