Saudi Aramco азиялық нарыққа арналған мұнай бағасын көтерді

452

Бұған дейін ОПЕК+ елдері 2021 жылдың қаңтар айынан бастап өндірісті арттыру туралы шешім қабылдаған болатын.

Saudi Aramco азиялық нарыққа арналған мұнай бағасын көтерді

Saudi Aramco азиялық нарыққа арналған мұнайдың бағасын көтерді. Компания шығаратын шикізаттың жеңіл сұрыбы 80 центке қымбаттады. Bloomberg агенттігінің дерегінше, өндірушінің мұндай қадам жасауына коронавирусқа қарсы вакцина туралы жағымды жаңалықтар әсер еткен. 

Ескере кететін жайт, Brent және WTI фьючерстерінің баррелі де қымбаттады. ОПЕК+ елдері 2021 жылдың қаңтар айынан бастап бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 500 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдағаннан кейін, нарықта оң динамика орнады. 

Иран мұнай сатылымын арттыруды көздеп отыр. Бірақ америкалық санкциялардың кесірінен әзірге бұл ел мұндай қадамға бара алмайды. Дегенмен жергілікті билік Джозеф Байден билікке келген соң шектеулер қысқарады деген пікірде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу