Saudi Aramco IPO алдында мұнай қорларына бағалау жүргізе бастады

999

Saudi Aramco  IPO алдында мұнай қорларына бағалау жүргізе бастады

Саудияның Saudi Arabian Oil Co. (Saudi Aramco) мемлекеттік мұнай компаниясы акцияларды алғашқы жария орналастыру алдында (IPO) өзінің мұнай қорларын бағалау үшін энергетикалық консалтингпен айналысатын фирманы жалдады. Бұл туралы дереккөзге сілтеме жасап The Wall Street Journal хабарлайды, деп жазады "КоммерсантЪ".

Оның айтуынша, Saudi Aramco аудит жүргізуге Gaffney, Cline & Associates компанияларының қызметіне жүгініп отыр. WSJ болса саудиялық компаниялар қорының көлемі IPO барысында инвесторлар үшін шешуші рөл атқаруы мүмкін екенін айтады. Компания өкілдері ақпаратқа қатысты қандай да бір пікір білдіруді қаламады. 

Бұдан біраз бұрын Saudi Aramco-ның бас атқарушы директоры Амин Насер Сауд Арабиясы  инвесторлар үшін ІРО-сын тартымды ету үшін мұнай компаниялары үшін салықты төмендетуді көздеп отырғанын мәлімдеген еді.

Былтыр Saudi Aramco Азия мен АҚШ елдері үшін өз мұнайының барлық сұрыптары үшін өткізу бағасы көтерді. Дегенмен 2016 жылдың басынан мұнай котировкалары 80%-ға шарықтауы Эр-Риядқа өз шикізатына бағаны арттырса да әлемдегі ірі экспорттаушы болып қала алмайтынын ұғындырғандай. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу