Саудия Азияға экспортталатын мұнай бағасын қымбаттатады

694

Саудия Азияға экспортталатын мұнай бағасын қымбаттатады

Саудия қазан айында Азияға және Жерорта теңізі елдеріне экспортталатын мұнайдың барлық сұрыпының сатылым бағасын қымбаттатады, деп жазады КазТаг.
Saudi Aramco мемкомпаниясы хабарлағандай, азиялық сатып алушылар үшін мұнайдың келесі маркалары барынша қымбаттайды:  Arab Extra Light  -   баррелі $0,8-ге. Азия мемлекеттеріне жеткізілетін Сауд Арабиясы мұнайының қалған маркаларының бағасы барреліне $0,3-0,7 дейін көтеріледі.
"Жерорта теңізінің клиенттеріне келсек, олар үшін баға өсімі барреліне $0,05-тен $0,95 дейін құрайды. Сонымен қатар, Saudi Aramco америкалық нарық үшін де сатылым бағасын көтереді.  Тек  Arab Medium ғана мұнай бағасының құнын өзгеріссіз қалдырды, ал еуропалық нарық үшін бағалар төмендейді", - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, дүйсенбіде мұнай фьючерстері "бұл хабарламаларға мүлдем жауап қайтармаған".  
"Егер жалпы мұнай нарығының болашағы жайлы айтар болсақ, онда алда да баға өсуі мүмкін", - делінген хабарда
Мақала авторлары айтқандай, ОПЕК пен басқа да мұнай өндіруші елдер бірге жүзеге асырып жатқан мұнай нарығын тұрақтандыру бойынша шаралар ақырындап өз жемісін беруде.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу