Саудия мұнай өндірісін қысқарту жөніндегі міндеттемесін орындады - БАҚ

1031

Саудия мұнай өндірісін қысқарту жөніндегі міндеттемесін орындады - БАҚ

Сауд Арабиясы  МЭЕҰ және  картельге енбейтін елдермен жасалған уағдаластыққа сәйкес мұнай өндіру деңгейін қысқарту жөніндегі міндеттемесін толықтай орындады. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Парсы шығананы елдерінің біріндегі сенімді дереккөзге сілтеме жасаған Reuters агенттігінің   хабарлауынша, "Сауд Арабиясы  мұнайдың тәуліктік өндірісін  қаңтарда  кемінде 486 мың баррельге, 10,058 млн  баррельге дейін қысқартты", осылайша  ол  МЭЕҰ алдындағы міндеттемесін орындады.  Алайда бұл әзірше ресми расталған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік,  2016 жылғы қарашаның соңында Венада МЭЕҰ саммиті өтіп, оның  нәтижесінде  картель 2008 жылдан бері алғаш рет мұнай өндіруді тәулігіне 32,5 млн баррельге қысқартуға келісімге келді. Сөйтіп, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап МЭЕҰ елдері  орташатәуліктік өндіруді 1,2 млн баррельге азайтуға тиіс.

Осы көлемнің ішінде негізгісі Саудияға тиесілі. Ол тәулігіне 486 мың баррельге кемітуі қажет. Ирак болса  өндірісті тәулігіне 210 мың баррельге азайтуға міндеттенген.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу