Саудия мұрагері Трампқа "түсініксіздеу" ұсыныс айтты

Бұл туралы америкалық The New York Times басылымы хабарлап отыр.

Саудия мұрагері Трампқа "түсініксіздеу" ұсыныс айтты Фото: © Getty Images / Chip Somodevilla

Мұхаммед бен Салман АҚШ президентіне Иранға қатысты қатаң саясат ұстануды және қысымды күшейту қажет екенін айтқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Басылым дерегінше, Эр-Рияд пен Вашингтон арасындағы байланыстар Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты жиілеген. Ақпарат көздері "Саудия басшылығы Иранның аймақтағы ықпалын әлсірету үшін АҚШ-тың батыл әрекет жасағанын қалайды" деп мәлімдейді. 

Сауд Арабиясы "Тегеранға қатысты қатаң экономикалық және әскери қысымды арттыру керек" деп есептейді. Бұл ұсыныстар Иранның ядролық бағдарламасы мен аймақтағы одақтастарына қолдау көрсету саясатына тікелей байланысты. 

Шыны керек, аймақтағы геосаяси жағдай соңғы айларда күрделене түсті деуге болады. Сарапшылар АҚШ, Израиль және Иран арасындағы шиеленіс әскери әрекеттерге дейін жеткенін, бұл жағдай Таяу Шығыстағы қауіпсіздікке көп әсер ететінін айтады. 

Таяу Шығыс саясатын зерттеуші сарапшылар Сауд Арабиясының ұстанымын бірнеше факторға жатқызады. Біріншіден, Эр-Рияд Иранды аймақтағы негізгі геосаяси қарсылас ретінде қарастырады. Екіншіден, Парсы шығанағындағы қауіпсіздік мәселесі мен мұнай инфрақұрылымына төнетін қауіп Саудия билігін АҚШ-пен әскери-саяси ынтымақтастықты күшейтуге итермелейді.

Яғни, Сауд Арабиясы бір жағынан АҚШ-тың қолдауына сүйенсе, екінші жағынан аймақтағы соғыстың толық ауқымды қақтығысқа ұласып кетуінен де қауіптеніп отырғанға ұқсайды.

Сондықтан, Эр-Риядтың позициясы екіұшты болып көрінетінін халықаралық сарапшылар жоққа шығармайды. Ресми мәлімдемелерде дипломатиялық шешімдер айтылса, бейресми келіссөздерде қысымды күшейту туралы ұсыныстар талқылануы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу