Сәуір айынан бері алғаш рет жаңа несие ресімдеген тұрғындардың саны азайған

420

Тамыз айында жеке тұлғаларға берілген несиенің жалпы көлемі шамамен 1,4 трлн теңге болды.

Сәуір айынан бері алғаш рет жаңа несие ресімдеген тұрғындардың саны азайған Фото: inbusiness.kz

Ақпаратқа сәйкес, сәуір айынан бері алғаш рет жаңа несие ресімдеген қазақстандықтардың саны азайды: шілдеге қатысты алғанда -85 мың адам. Алайда қарыз алушылар саны әлі көп. Ел бойынша олардың жалпы саны –  2,5 миллионға жуық адам, деп жазады inbusiness.kz Data Hub-қа сілтеме жасап.

"Кепілсіз тұтынушылық несие секторында құлдырау сол уақытқа қатысты алғанда бірінші рет тіркелді. Микроқарыз алушылардың саны айтарлықтай өсімді көрсеткен: шілдеге қатысты +22 мың, 443 мың адамға дейін. Автонесиелер санының өсімі жалғасып отыр. Соың есебінен олар бойынша портфельдегі келісімшарттардың жалпы саны айдың соңына қарай 400 мың данадан асты", - деп хабарлады Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасы.

Ең танымал өнім – кепілсіз тұтынушылық қарыздар шілде айына қатысты берілген қарыз сомасы бойынша төмендегені байқалады: шамамен 130 млрд теңгеге, 860 млрд теңгеге дейін. Мұнда барлық соманың жартысынан астамы қарыз алушылардың тек 10%-ына тиесілі, ал қарыз алушылардың жартысына қарыздың тек 8%-ы келеді. 

Data Hub жазуынша, тамыз айында ипотека бойынша жақсы көрсеткіш байқалған: ақша бойынша +27% (191 млрд теңгеге дейін), келісімшарттар саны 25%-ға (12,7 мың бірлікке дейін) өсті. 

Заңды тұлғаларға берілген қарыз сомасы күрт өскен. Бұл сома 1,6 трлн теңгені құрады. Тамыз айында бұл көрсеткіш 1,1 трлн теңге болған. Бұл –  2023 жыл үшін рекорд. Қарыз алушылар мен келісімшарт саны айтарлықтай өзгере қоймады, алайда берілген қарыздың орташа сомасы 36%-ға артып, 29 млн теңгеге жетті. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша портфель 23,5 трлн теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу