2026 жылғы сәуір айындағы демалыс күндерінің саны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
eGov порталында жарияланған мәліметке сәйкес, бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар сәуір айында барлығы 8 күн демалады.
Барлық демалыс күндері тек сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді.
Жалпы, сәуір – демалыс күндері ең аз айлардың бірі. Бұл жағынан ол 2026 жылғы ақпан, маусым және шілде айларымен ұқсас.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу