Сәуірде "Қарағанды–Жезқазған" тасжолының құрылысы басталады

153

Алдағы 4 жылда тасжол толығымен күрделі жөндеуден өтпек.     

Сәуірде "Қарағанды–Жезқазған" тасжолының құрылысы басталады Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтқандай биыл ескі жолдың қапталына екі жолақты жаңа жол салынады. Жұмыс сәуір айының аяғында басталмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құрылыс жұмыстары аяқталғанша, тұрғындар ескі жолмен қатынай алады. Ал кейін ол да толығымен жаңғыртылады. "Қарағанды–Жезқазған" тасжолы 1965 жылы салынған. Содан бері еліміздің оңтүстігі мен солтүстігін қосатын күре жол күрделі жөндеу көрмеген.

Жалпы ұзындығы – 513 шақырым. Оның 335 шақырымы Ұлытау облысының аумағында. Қос өңірді жалғаған күрежол 2029 жылы түйісіп, құрылыс толық аяқталады деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу