Сәуірде Қазақстанда ірі туристік іс-шаралар өтеді

133

 Ел өңірлері кітап, қолөнер және технология бағыттарын қамтитын жарқын жобалармен ерекшеленбек.  

Сәуірде Қазақстанда ірі туристік іс-шаралар өтеді Фото: gov.kz

Сәуір айында Қазақстанда отандық және шетелдік туристерге арналған бірқатар ауқымды мәдени-туристік іс-шаралар ұйымдастырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

22–26 сәуір күндері Астанада Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрмесі өтеді. Көрме аясында жаңа кітаптардың таныстырылымы, авторлармен кездесулер және білім беру сессиялары ұйымдастырылады. Іс-шара әдебиетсүйер қауым мен баспа саласының мамандарын бір алаңға жинайды.

23–24 сәуірде Жамбыл облысында "Тараз – қолөнершілер қаласы" этномәдени фестивалі өтеді. Қонақтар қолөнер көшесін аралап, шеберлік сабақтарына қатысып, халық шеберлерінің бірегей туындыларымен таныса алады.

Ал 26 сәуірде Қостанай облысында алғаш рет TechTrail Qostanai отбасылық техно-фестивалі ұйымдастырылады. Бағдарламада инженерлік квесттер, интерактивті зертханалар және өндіріс орындарына экскурсиялар қарастырылған.

Айта кетейік, 2026 жылы Қазақстан бойынша жалпы саны 55 ірі мәдени-туристік іс-шара өткізу жоспарланған. Бұл бастамалар елдің туристік әлеуетін арттырып, өңірлердің тартымдылығын күшейтуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу