Саябақтан жалға берілген жер телімдеріне қатысты шу шықты

554

Қостанайда саябақтан жалға берілген жер телімдеріне қатысты шу шықты.

Саябақтан жалға берілген жер телімдеріне қатысты шу шықты

Тобыл әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әкімдікке тиесілі аумақты 2018-ші жылы аукционға  шығарған. Әрбірінің құны 2,5- 3 млн теңге шамасында. Жеңімпаздармен 7 жылға қосалқы жалға беру келісім-шарты жасалған. 

Шағын кәсіпкерлік иелері мұнда сусындар мен жеңіл-желпі тағамдар сататын дүңгіршіктер орнатқан. Саудасын биыл ғана жандандырған көрінеді. Екі жыл бойы карантиндік шектеулерге орай жұмыс істей алмады. Шығындарын жауып, табысқа енді қол жеткіземіз деп отырғанда, прокуратура жерлерді мемлекеттік қорға қайтаруын талап етуде. Өйткені, Тобыл әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының  жер телімдерін жалға бергуе құқығы жоқ болып шықты. 

"Сауда нүктелері сол жерде қалса деп кәсіпкерлер атынан өтініп сұраймыз. Бұл біздің жеп отырған нанымыз. Мұнда қыруар ақша салдық. Бұл да біздің тарапымыздан жағалауды демалыс орынына айналдыруға салынған инвестиция деп санаймыз", деді кәсіпкер Қанат Жұмабаев.

Кәсіпкерлерге саябақтан 16 жер телімі берілген.  Жер қатынастары бөлімі олармен келісім-шарттың күшін жою жөнінде сотқа шағым түсірді. Егер сот жерді қайтарып алу жөнінде шешім шығарса, кәсіпкерлер шығынға батады. 

"Келісім-шарттардың мерзімі 2025 жылы аяқталады. Кәсіпкерлерге сол уақытқа дейін жұмыс істеуге мүмкіндік берілсе деп ұсыныс жасадық. Содан соң жер телімдерін мемлекеттік қорға қайтаруға болады. Әрине, бұл іске нүкте қоятың сот екенін түсінеміз", деді "Тобыл" ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Мейрамхан Ержанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу