Саясат Нұрбек: Ғылым және жоғары білім министрлігінің жаңа оқу жылына жоспары көп

640

Ведомство басшысы 2022-2023 оқу жылының басталуымен құттықтады.

Саясат Нұрбек: Ғылым және жоғары білім министрлігінің жаңа оқу жылына жоспары көп

"Жаңа оқу жылы мектеп табалдырығын енді аттағалы тұрған 1 сынып оқушылары мен жоғары оқу орындарына арман қуып келген 1 курс студенттері үшін сәтті өтсін!

Сіздерді жарқын болашақ, биік белестер күтіп тұр. Сабақтарыңызды жақсы оқып, ғылым, спорт және шығармашылық салаларында мол табыстарға кенеле беріңіздер.

Айта кетейін, Ғылым және жоғары білім министрлігінің жаңа оқужылына жоспары көп. Оларды жүзеге асыру жұмыстары басталып кетті", – деп жазылған құттықтау мәтінінде.

Министр бүгіннен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға өсетінін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу