Саясат Нұрбек: Қазақстан демографиялық өзгерістердің алдында тұр

653

Соңғы үш жылда елімізде 1,5 миллионға жуық бала өмірге келді. 

Саясат Нұрбек: Қазақстан демографиялық өзгерістердің алдында тұр Фото: ult.kz

Қазақстан демографиялық өзгерістердің алдында тұр. Бұл туралы Елордада өтіп жатқан отбасылық, демографиялық және гендерлік саясатқа байланысты ғылыми конференцияда ҚР Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңда Қазақстан, Орталық Азия үлкен демографиялық өзгерістердің алдында тұр. Әлем халқының саны 8 млрд адамға жетті. Соңғы 12 жылда 7 млрд-тан 8 млрд-қа жетіп отырмыз. Бұл дүниежүзі халқының саны қарқынды өсіп жатқанын көрсетеді", - деді Саясат Нұрбек.

Министрдің сөзіне сенсек, бұл үрдіс елімізде де байқалып отыр.

"Соңғы 3 жылда елімізде 1,5 миллионға жуық сәби дүниеге келді. Болжам бойынша осы жылдың қорытындысы бойынша 500 мың бала өмірге келеді деп күтілуде. 2021 жылы 456 мың бала, 2020 жылы 426 мың бала дүниеге келген. Бұл үш жыл қатарынан тіркелген демографиялық рекорд болып отыр. Соңғы рет мұндай көрсеткіш 1987 жылы тіркелген. Ол уақытта 417 мың сәби өмірге келген болатын", - деді ол.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу