Саясат Нұрбектің депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

645

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Саясат Нұрбектің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп жазды inbusiness.kz.

Саясат Нұрбектің депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

"ҚР Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы Жарлығымен Парламент Мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты С.Нұрбектің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр", – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов. 

Жиында палата депутаттары осы ұсынымға дауыс беріп, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. 

Еске сала кетсек, 11 маусым Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды. 

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлының өкілеттігі тоқтады. 11 маусым күні ол Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалған болатын.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу