Саяси партиялардың мәжіліске өту шегі 7%-дан 5%-ға төмендетілуі мүмкін

1129

Президент Қасым Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің алғашқы сессиясында саяси партиялардың мәжіліске өту шегін төмендетуге қатысты бастама көтерді. 

Саяси партиялардың мәжіліске өту шегі 7%-дан 5%-ға төмендетілуі мүмкін

"Саяси партиялардың мәжіліске өту шегін 7%-дан 5%-ға төмендетуіміз керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді, өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады. Сондай-ақ елдегі саяси бәсекенің дамуына септігін тигізеді. Бұл бастама мемлекеттік саясатты жүргізу үшін халықтың пікірін неғұрлым көбірек қамтып, ескеріп отыруға мүмкіндік береді", – деді Президент. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу