Алматы жол бөлімшесінің Саз станциясының тұрғындары мен қызметкерлердің үйлері сапалы ауыз су келді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Жаңа сумен жабдықтау жүйесі "Мөлдір бұлақ" салалық бағдарлама аясында іске қосылды.
Бұрын бұл станцияның тұрғындары ауыз суды көршілес елді мекеннен әкелетін. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған су жабдықтау объектілері жөндеу жұмыстарын талап еткен.
"Санитарлық күзет болмаған, су құбыры соңғы он жыл бойы пайдаланылмаған", - деп айтады "Теміржолсу" АҚ басшысы Қ,Есімханов.
Саз станциясында сумен жабдықтау жүйесін жетілдіру бойынша кең ауқымды жұмыстар "Теміржолсу-Алматы" көмегімен іске асырылды.
Жаңа 50 метрлік ұңғыма, су айдауыш мұнара мен суды тазартатын және фильтрлейтін жабдық орнатылды. Бұл сумен жабдықтау жүйесі автоматты түрде істейді.
Айта кететін жайт, "Теміржолсу" АҚ "Мөлдір бұлақ" салалық бағдарламасы аясында 432 теміржол станциялары мен республика бөлімшелірінң 728 сумен жабдықтау объектілері реконструкциядан өтті.