Сбербанк Coca-Cola өндірушілері үстінен сотқа шағымданды

520

Талап арыздың сомасы 431,3 млн рубльден астам.

Сбербанк Coca-Cola өндірушілері үстінен сотқа шағымданды

Сбербанк Нижегородск облысының төрелік сотына ресейлік құрылымдағы Coca-Cola сусындарын өндіруші —   "Кока-Кола ЭйчБиСи Евразия" ЖШҚ-ға талап арыз түсірді. Талап арыздың сомасы 431,3 млн рубльден астам, деп хабарлайды ТАСС. 

Талап арыз берудің себебі мен жай-жапсары айтылмай отыр. Іс әлі қарауға алынған жоқ. 
Іс бойынша үшінші тұлға ретінде красноярлық "Ладога" ЖШҚ көрсетілген."СПАРК-Интерфакс"  бойынша бұл компания қазір таратылып жатыр, сондай-ақ іске қатысы бар деп Иванова Г. А. деген адам тартылуда. Бұл адамның тегі мен аты-жөні аталған компанияның бұрынғы ортақ иесінің аты-жөнімен сәйкес келеді. Қоғамның негізгі жұмысы - жеке немесе жалға алынған тұрғын үй емес жылжымайтын мүлікті жалға беру мен басқару.
Тап қазіргі уақытта сотта "Ладоганың" банкроттығы туралы іс қаралып жатыр. Сбербанк бұл сот талқылауына несие берушілердің бірі ретінде қатысуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу