"Сбербанк Қазақстан" енді "Береке банк" деп аталады

941

Банкті "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі жақында Сберден сатып алған болатын.

"Сбербанк Қазақстан" енді "Береке банк" деп аталады

"Сбербанк Қазақстан" енді "Береке банк" деп аталады. Бұл туралы "Бәйтерек" холдингінің басшысы Қанат Шарлапаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Ребрендинг міндетті түрде болады. Біз 1 қыркүйекте меншік құқығын беру бойынша транзакцияны жаптық. Жаңа банк "Береке банк" деп аталатын болады. Бір-бірімізге тілейтін қазақтың жақсы бір сөзі. Сондықтан менің ойымша, бұл банктің бұған дейін көздеген құндылығы мен ұмтылысын көрсетеді және әрі қарай да жұмыс істей береді деп үміттенеміз", – деді Шарлапаев қазақстандық журналист Дмитрий Шишкинге берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, қыркүйек айының басында "Бәйтерек" холдингі "Сбербанк Қазақстанды" сатып алуды толық аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу