Сбербанктің вице-президентіне ірі көлемде ақша ұрлады деген айып тағылды

715

Ол 10 жылға сотталуы мүмкін.

Сбербанктің вице-президентіне ірі көлемде ақша ұрлады деген айып тағылды Фото: ria.ru

Ресейдің білім министрінің бұрынғы орынбасары, Сбербанктің вице-президенті Марина Ракова 50 миллион рубльден астам қаражатты ұрлау ісі бойынша айыпталды, деп хабарлады Inbusiness.kz "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап. 

Экс-шенеунік 2019 жылы жасалған білім беру саласындағы мемлекеттік келісімшартқа қатысты (бағасы 150 млн рубль) алаяқтық әрекет жасады деп айыпталуда. Қазір осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

28 қыркүйекте оның үйінде және Сбербанк қызметкерлерінің, оның ішінде жоғары лауазымды тұлғалардың кеңселерінде тінту жұмыстары жүргізілген. 

Агенттіктің дерегі бойынша, білім министрінің орынбасары қызметін атқарған кезде Ракова "Болашақ мұғалімі" жобасы бойынша мемлекеттік келісімшарттарға арналған білім беруді дамытудың жаңа нысандары қорына қаражат бөлу жағын қолдаған. 
Ресейдің Қылмыстық кодексінің 4-бабы 159-шы тармағына сәйкес Ракова 10 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Сонымен қатар оған қосымша айыппұл салынуы да ықтимал. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу