Scat Астана-Павлодар бағытында әуе рейсін іске қосады

474

Билеттер сатылымға шығарылды  

Scat Астана-Павлодар бағытында әуе рейсін іске қосады Фото: Константин Шелков

"Павлодар әуежайы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қаңтардан бастап "Scat" әуекомпаниясы Астана – Павлодар бағытында әуе рейсін іске қосады.

"Әуе рейсі аптасына төрт рет – дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері қатынайды. Билет құны – 10 мың теңге", – деп жазылған хабарламада.

Ұшу уақыты: Астана (11:55) – Павлодар (12:45), Павлодар (13:40) – Астана (14:30).

Естеріңізге сала кетейік, 1 қарашадан бастап Астана-Павлодар бағытындағы тікелей әуе рейстері ашылған болатын. "Qazaq Air" авиакомпаниясы аптасына 4 рет жиілікпен әлеуметтік маңызы бар Астана-Павлодар авиамаршрутын іске қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу