Ұшақ құстармен соқтығысты: SCAT шұғыл мәлімдеме жасады

605

SCAT әуе компаниясы рейстердің кешігетіні туралы ескерту жасады.

Ұшақ құстармен соқтығысты: SCAT шұғыл мәлімдеме жасады Фото: ВладТайм

Басты себеп – ұшақтың құстармен соқтығысуы, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жағдайды реттеу үшін резервтік ұшақтар жіберілді, бірақ кейбір бағыттар бойынша рейстер кешігуі мүмкін:

  • Алматы-Шарм-эль-Шейх;
  • Алматы-Анталия;
  • Анталия-Алматы.

Бұдан басқа, SCAT Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Астана-Доха рейсі тоқтатылғанын хабарлады. Осыған дейін отандық компаниялар тобы 23 маусымда бірнеше рейсті тоқтатты.

Атап айтқанда:

  • КС191/192/Атырау-Дубай-Атырау;
  • КС205/206/Астана-Дубай-Астана;
  • КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы;
  • КС655/656/Астана-Доха-Астана.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу