Сейфті 7-қабаттан лақтырған ұрының "жолы болмады"

626

Нұр-Сұлтандағы қылмыстық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 25 жастағы азаматты ұстады. Ол ұрлық жасады деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сейфті 7-қабаттан лақтырған ұрының "жолы болмады"

Полиция департаментінің хабарлауынша, тергеу барысында істің мән-жайы анықталған. Елорда әйел пәтердегі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмысшыны шақырады. Біраз уақыт жұмыс істеген соң жас жігіт балконнан сейфті байқап қалады. Әр түрлі құралдармен оны ашуға тырысып көріпті. 

"Сейфте ірі сомада ақша бар-ау деген оймен жас жігіт оны 7-ші қабаттың терезесінен лақтырып жібереді. Осыдан кейін пәтерден шығып кетеді. Бірақ сейфке келгенде оның әлі ашылмағанын көреді. Амалсыз осыдан кейін оқиға орнынан ізін суытқан", - делігген хабарламада.

Кейін анықталғанындай, сейфте шынында да 4500 доллар мен құжаттар жатқан. Қазір ұрлық жасамақ болған күдікті ұсталды. Оның елордадағы басқа қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы анықталып жатыр. Оның бұрын дәл осыған ұқсас қылмыс бойынша сотталғаны белгілі болған. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу