Сейсмолог Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты маңызды үндеу жасады

114

Алматыда қатты жер сілкіністері күтілмейді.  

Сейсмолог Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты маңызды үндеу жасады Фото: бейнежазбадан

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық  ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ерік Әліпұлы Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2025 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 12.44-те Қытайдың аумағында жер сілкінісі тіркелді. Қалыптасқан сейсмикалық жағдайды талдай келе, 2025 жылғы 4 желтоқсанда сағат 15:00-дегі жағдай бойынша Алматы болжау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атап өтеміз. Алматы болжамды полигоны аумағында MSK-64 шкаласы бойынша қатты жер сілкіністері күтілмейді", – деді Ерік Әліпұлы.

Айта кету керек, бұған дейін Алматыда жер сілкінгенін жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу