Сейсмологтар 10 қаңтардағы үшінші жер сілкінісін тіркеді

459

"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 қаңтар күні сағат 13.43-те жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inbusiness.kz.  

Сейсмологтар 10 қаңтардағы үшінші жер сілкінісін тіркеді Фото: egemen.kz

Сейсмологтардың хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 548 шақырым жерде (Қытай аумағы) болған.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.5. MPV магнитудасы – 5.5. Эпицентрдің координаттары – 38.78° с.е. 74.01° ш.б. Тереңдігі – 15 км", - делінген "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС хабарламасында.

Жер сілкінісінің сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ.

Еске салайық, бұл бүгінгі тәулікте тіркелген үшінші жер сілкінісі. Біріншісі Алматыдан 25 шақырым жерде, екіншісі оңтүстік мегаполистен 332 шақырым жерде болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу