"Сел жүру қаупі бар": Алматы, Жамбыл және Жетісу облысының тұрғындарына ескерту жасалды

530

Мамандар тау өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мен сел жүру қаупі бар екенін ескертті.

"Сел жүру қаупі бар": Алматы, Жамбыл және Жетісу облысының тұрғындарына ескерту жасалды Фото: ТЖМ

"Қазселденқорғау" ММ 3-5 шілде аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қауіпті гидрометеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мекеме мәліметінше, ауа температурасының жоғары болуы және алдағы күндері болжанған нөсер жауын-шашын салдарынан тау беткейлерінен қарқынды су ағуы, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Соның салдарынан көшкін жүруі мен сел қаупі туындауы мүмкін. Осыған байланысты құтқарушылар аталған өңірлердің тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын қатаң сақтауға, ауа райы болжамын бақылап, таулы аймақтарға барудан барынша бас тартуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу