Семей әкімдігі суреттері ұрланған Мағира Тлеубердинаға өтемақы төледі

442

Бұл туралы елордалық суретші хабарлады.

Семей әкімдігі суреттері ұрланған Мағира Тлеубердинаға өтемақы төледі Фото: new times.kz

Семей қаласының әкімдігі суретші Мағира Тлеубердинаға жұмысын пайдаланғаны үшін өтемақы төледі.

“Достар, қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рақмет. Сіздер бұл мәселені көтеру арқылы менің үніме құлақ асты. Жұмысымды пайдаланғаны үшін ақшалай өтемақы сұрадым. Енді ешқандай да шағымым жоқ“, - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айта кету керек, осыған дейін Семейде Мағира Тлеубердинаның авторлық құқығы бұзылғаны белгілі болды. Қалалық әкімдік оның рұқсатынсыз муралдарда суретшінің эскиздерін пайдаланған. Семей әкімдігі суретшіден кешірім сұрағанымен, 12 шілде күні Мағира Тлеубердина салған суреттер бейнеленген көпір маңын ашты. Кейін суретшіге Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов хабарласып, мәселені тез арада шешуге уәде берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу