banner

Семей болашақта креативті қалаға айналмақ

1129

Семей қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары әзірленеді.

Семей болашақта креативті қалаға айналмақ Фото: gov.kz

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасымен қала әкімдігі мен салалық басқарма басшылары Семейдің 2035 жылға дейінгі даму кезеңін қамтитын бас жоспарын дайындайды.

"Семейдің географиялық жағдайы оның жоғары транзиттік әлеуетке ие болу мүмкіндігін, сондай-ақ оны Павлодар-Семей-Өскемен өнеркәсіп белдеуінің инновациялық орталығы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Семей – мәдени-тарихи маңызға ие қала. Сондай-ақ жаңа мәртебе ала отырып, Семей болашақта еліміздің креативті қалаларының біріне айналуы мүмкін. Семей қала кеңістігін жоспарлаудың заманауи тәсілдерін пайдаланған кезде Солтүстік-Шығыс және Шығыс Қазақстан халқы үшін тартылыс нүктесіне айналады", – делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына сапары барысында Семей қаласының орасан зор көлік-логистикалық, сауда-экономикалық әлеуетті толық пайдалану қажет екенін айтқан еді.

Сондай-ақ Президент болашақта Семей өзіне Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларымен қатар еңбек адамдарын, инновация мен инвестиция тарта отырып, еліміздің қарқынды дамуына үлес қосатын шаһарға айналады деп мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу