Семей қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

630

Руслан Базарбаев Семей қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Семей қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Президент әкімшілігінің және Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаевтың келісімімен, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың өкімімен Руслан Базарбаев шаһар әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Руслан Ерланұлы еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймақтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, "Қазтехнология" АҚ бас менеджері болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі инвестициялар комитетінде қызмет атқарған.

2018 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, бас инспекторы болып еңбек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу