Семей қаласы әкімінің резиденциясы сатылымға қойылды

850

Алайда, сатып алушы табылар емес. 

Семей қаласы әкімінің резиденциясы сатылымға қойылды

Семей қаласы әкімінің резиденициясы сатылымға қойылды. Қала әкімі Ермак Сәлімов осылай деді.

Әкімнің сөзінше қазір резиденцияны ұстап тұруға бюджеттен қомақты қаражат жұмсалуда. Қала басшысы резиденцияға қыстаймын деп, екі мәрте ауырып қалғанын да айтты. Ол аздай Ұлттық бюро мамандары Ермак Сәлімовке кабинетінің тым үлкендігін айтып, оны кішірейтуді не болмаса жанына бір қызметкерді отырғызуды талап еткен. Сондай-ақ қала басшысы әкімдік ғимаратында орналасқан асхана мен банкет залын да жеке меншікке жалға бермек. Алайда, онда қатым, үйлену тойы, мерейтой сияқты салтанатты басқосулар болмайды. Жалға берілетін ғимарат ішінде ішімдік ішуге де тыйым салынбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу