Семей қаласында автобус жүргізушілерінің жалақысы 40%-ға өседі

479

Қалада қоғамдық көліктер 40 бағыт бойынша қызмет көрсетеді.  

Семей қаласында автобус жүргізушілерінің жалақысы 40%-ға өседі Фото: gov.kz

Семейде автобус жүргізушілері ереуілге шығып, автобус паркінің жолын жауып, қоғамдық көліктердің шығуына тосқауыл қойды деп хабарлайды inbusiness.kz.

Осыған орай Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаев, "Семавтопарк" ЖШС директоры Григорий Пинчук пен "Таксомоторлық парк" ЖШС Асқар Зиядановтың қатысуымен брифинг өтті. Кездесуде Семей қаласындағы қоғамдық көлік қозғалысы қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғаны айтылды.

"Қоғамдық көліктер өз бағыттары бойынша сағат 6.00-21.30 аралығында жолаушыларды тасымалдауы керек. Кейінгі үш айда тасымалдаушыларға уақыт жиілігін сақтамаған үшін 23 млн теңге айыппұл салынды. Қоғамдық көлік мәселесін шешу қала әкімдігінің қатаң бақылауында, қазір қажетті жұмыстар атқарылып жатыр", – деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаев.

Жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға үш мердігер ұйым жауапты. Олар: "АвтотранСемей" ЖШС, "Семавтопарк" ЖШС және "Таксомоторлы парк" ЖШС.

"Кеше жағымсыз жағдай орын алды. Жүргізушілер еңбекақыны көтеру туралы талап қойды. Олармен кездесіп, мәмілеге келдік. 1 ақпаннан бастап жалақы қайта есептеліп, 40%-ға дейін өседі. Жүргізушілерге жұмысты тоқтатпай, кесте бойынша шығуды ұсындық", – деді "Семавтопарк" ЖШС директоры Григорий Пинчук.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу