Семей қаласында жер учаскесін алу үшін кезекте 28 991 адам тұр

430

Жалпы биыл кезекте тұрғандарға Ұшақтар және Космомол массивтерінде 478 жер учаскесін беру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 75 жер учаскесі берілді.  

Семей қаласында жер учаскесін алу үшін кезекте 28 991 адам тұр Фото: semeynews.kz

Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Анзор Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Semeynews.kz-ке сілтеме жасап.

"Бекітілген бас жоспарға сәйкес Семей бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жалпы ауданы 4 574,2 га болатын 12 тұрғын үй алабы қарастырылған, олардың құрылысына инженерлік желілермен және құралдармен қамтамасыз етілуіне қарай тұрғын үй алаптары 3 кезеңге бөлінген", - деді Анзор Абаев.

I кезең – ИКҚ-мен қамтамасыз етілген құрылыс аймақтары (2 тұрғын массиві – "Ұшақтар", "Комсомол");

II кезең – ИКҚ қамтамасыз ету үшін ең аз қаражат салуды талап ететін құрылыс аймақтары ("Ақсай" тұрғын массиві);

III кезең – ИКҚ қамтамасыз ету үшін үлкен күрделі салымдарды талап ететін құрылыс аймақтары (9 тұрғын массиві).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу