Семей көшелеріне жылы аялдамалар орнатыла бастады

472

Жылыту радиаторы, бейне камерасы, ұялы телефонды қуаттау құрылғысы бар павильондар қала орталығындағы екі жерге қойылды. 

Семей көшелеріне жылы аялдамалар орнатыла бастады Фото: semeynews.kz

Демеушілердің қаражатына салынған жылы тұрақтардың бой көтеруіне жергілікті әкімдік бастамашы болған.

"Қазіргі уақытта Абай және Шәкәрім даңғылдарына екі жылы аялдама қойылды. Жылы аялдамалар қала тұрғындарына жайлы жағдай жасау мақсатында орнатылып отыр. Енді семейліктер қыс кезінде автобус күткенде тоңбайтын болады", – деп мәлімдеді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Айжан Жұманова.

Жергілікті билік Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қаланың ортақ мүлкіне ұқыпты қарауға шақырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу