Семейді су баспауы үшін жедел штаб құрылды

890

Семей қалалық полция басқармасының жеке құрамы аудандарды шолып, тұрғындарға ескерту жасауда.  

Семейді су баспауы үшін жедел штаб құрылды

Семей маңын су басуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.   

Қазір апаттың алдын алу үшін жедел штаб құрылды. Төтенше жағдайлар комитетінің дерегінше Ертіс өзенінің су деңейі көтеріліп келеді. Ал Ертіс өзенінің бетінде мұздың тұтасып қату процесі байқалуда. Ал ауа райының жылы болуына байланысты Ертісте сең тұрып, өзендегі су деңгейі көтеріліп келеді. Егер су арнасы мұнан ары көтеріле беретін болса Восточный, Мирный және Полковничий аралындағы тұрғын үйлерді су басу қаупі бар. Осыған байланысты "Қазселденқорғау" мекемесінің өкілдері өзен жағалауына тұрақты мониторинг жүргіп, тәулік бойы бақылау бекеттерін орнатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу