Өртті ауыздықтау жұмыстарына орман мекемесінің 20 қызметкері мен екі арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар "Қазавиаорманқорғау" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының екі әуе өрт сөндіру десантшысы және су төгу құрылғысымен жабдықталған тікұшақ іске қосылды.
Қосымша көмек ретінде оқиға орнына орман шаруашылығының тағы 20 қызметкері, алты өрт сөндіру автоцистернасы және Павлодар қаласынан су төгу жүйесімен жабдықталған Ми-8 тікұшағы жіберілді.
Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тұрақты бақылауында.