"Семей орманы" аумағында бір тәулікте 14 өрт тіркелді

288

Экология министрлігінің мәліметінше, өрт шарпыған жалпы аумақ 0,47 гектарды құраған.  

"Семей орманы" аумағында бір тәулікте 14 өрт тіркелді Фото: gov.kz

16 маусымда "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваты аумағында бір тәуліктің ішінде бірден 14 орман өрті тіркелді. Барлық өрт ошақтары жедел түрде оқшауланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Орман күзеті қызметкерлерінің дер кезінде әрі ұйымдасқан түрде әрекет етуінің арқасында қызыл жалынның үлкен аумаққа таралуына жол берілмеді.

Айта кетейік, 2023 жылы Абай облысында болған ірі орман өртінен кейін орман шаруашылығының мамандары өртті сөндіру жұмыстарының неліктен қажетті деңгейде жедел жүргізілмегенін жан-жақты талдады. Талдау нәтижесінде орман өрттерін жедел сөндіруге арналған заманауи әрі маневрлі өрт сөндіру машинасының макетін әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу