"Семей орманындағы" рейд: Барлығы 30-дан астам заң бұзушылық анықталды

500

Тексерісті Бородулиха ауданының прокурорлары жүргізді.  

"Семей орманындағы" рейд: Барлығы 30-дан астам заң бұзушылық анықталды Фото: gov.kz

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орман қорын қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде рейд жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде ағаштарды заңсыз кесудің 6 фактісі анықталды. Оның 3 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталса, қалған 3 факті бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды.

20 орамда орман дайындау жұмыстары тоқтатылып, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып техниканы пайдаланудың 5 фактісінің жолы кесілді. Оның ішінде ұшқын сөндіргішсіз техниканы пайдалану фактілері де бар.

Бұдан бөлек, 20-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың қатарында тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінсіз көлік құралдарын басқару, мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз техниканы пайдалану, сондай-ақ көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқару фактілері бар.

Анықталған барлық заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу