"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы орман өрті оқшауланды

174

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы орман өрті оқшауланды Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

2026 жылдың 16 шілдесінде басталған үлкен орман өрті 2026 жылы 18 шілде сағат 9:45 те оқшауланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өртті сөндіру жұмыстарына Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты "Семей орманы" және "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваттарының қызметкерлері, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК, сондай-ақ Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды.

"Жалпы өртті сөндіруге 769 адам, 191 бірлік жерүсті техникасы және 8 тікұшақ тартылды. Өртті сөндіру басталғаннан бері авиация арқылы 319 рет су төгіліп, өрт ошағына 709 тонна су жеткізілді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу