"Семей орманы" өртіне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі

159

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, тексеру өрт толық сөндірілгеннен кейін басталады.    

"Семей орманы" өртіне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі Фото: gov.kz

Бұл туралы ТЖМ брифингінде мемлекеттік бақылау, орманды күзету және қорғау басқармасының бастығы Нияз Жолбарыс мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеріс барысында орман өртін ерте анықтау жүйесінің жұмысы жан-жақты бағаланады. Әзірге жүйенің дер кезінде іске қосылған-қосылмағаны туралы нақты қорытынды жоқ.

ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев өрт толық сөндірілмейінше, өртті ерте анықтау жүйесінің жұмысына қатысты қорытынды жасау ерте екенін айтты.

"Ерте анықтау жүйесіне келетін болсақ – егер қандай да бір кемшіліктер, ақаулар болса, олар өрт толық сөндірілгеннен кейін анықталады", – деді Төрегелдиев.

Төтенше жағдайлар министрлігі өртке жедел әрекет жасалғанын, жерүсті және әуе күштері, сондай-ақ барлық тиісті қызметтер уақытылы жұмылдырылғанын мәлімдеді.

Мамандар орман алқабының ерекшелігі өрт сөндіру жұмысын күрделендіргенін айтты. "Семей орманында" қылқан жапырақтардан, бұтақтардан және қабықтардан тұратын, ұзақ уақыт бойы бықсып жануға ықпал ететін топырақ бар.

Сонымен қатар, өңірде найзағай белсенділігі сақталуда, бұл өрт қаупі бар жағдайдың одан әрі даму қаупін тудырады.

Айта кетейік, "Семей орманы" резерватында 16 шілдеде ірі өрт басталып, екі күннен кейін оқшауланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу