"Семей орманы" резерватында заңсыз ағаш кесуге жол бергендер ұсталды

237

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.  

"Семей орманы" резерватында заңсыз ағаш кесуге жол бергендер ұсталды Фото: Видеодан скриншот

Күдіктілер ақшалай сыйақы үшін ағашы бағалы учаскелерге кедергісіз кіруге мүмкіндік берген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, іс фигуранттары ағашты жаппай заңсыз кесу және оны өткізу бойынша тұрақты схема ұйымдастырған. Олар ақшалай сыйақы үшін ең өтімді орман учаскелеріне кедергісіз кіруге мүмкіндік берген.

"Тінту барысында бухгалтерлік құжаттама, кесуге арналған орман орамдары мен ақша қаражатын бөлу туралы қолмен жазылған жазбалар, сондай-ақ өзге де заттай дәлел табылды", – делінген ақпаратта.

Қылмыстық кодекстің "пара алу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

2023 жылдың маусым айында "Семей орманы" табиғи қорығында өрт шығып, 15 адам қаза тапты. Осыдан кейін премьер-министр Олжас Бектенов орман ағаштарын заңсыз кесуге қарсы күресті күшейтуді тапсырды.

2026 жылы арнайы техника сатып алуға 3,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу