banner

Семей орманындағы өрт найзағайдан шыққан болуы мүмкін

782

Шығыс Қазақстан облысында "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерваты аумағында сәрсенбіде шыққан орман өртіне қарсы күрес әлі жалғасып жатыр. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Семей орманындағы өрт найзағайдан шыққан болуы мүмкін

"Өрт найзағайдан шықты деген болжам бар. Өрттің ауданы анықталып жатыр", – делінген ақпаратта.

Өрт сөндіруге ТЖ департаменті, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ n68303 әскери бөлімінің орманшылары мен күштері жұмылдырылды. Жеке құрамнан 399 адам және 85 бірлік техника қатысып жатыр. Жағдайды мониторингілеуге "Қазавиаорманқорғау" "Ми-2" тікұшағы тартылды.

ТЖД мәліметінше, қазіргі уақытта өрттің таралуы тоқтатылды, орман аймағында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу