Семей полигонының жабылуы ядролық сынақ дәуірінің аяқталғанын көрсетті – БҰҰ бас хатшысы

1035

Бұл туралы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Семей полигонының жабылуы ядролық сынақ дәуірінің аяқталғанын көрсетті – БҰҰ бас хатшысы

Антониу Гутерриш халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай мәлімдеме жасады. Ол Қазақстандағы Семей сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толғанын, бұл ядролық сынақ дәуірінің аяқталуын көрсеткенін атап өтті.

Оның айтуынша, ядролық сынақтар адамзатқа қайғы-қасірет әкеліп, қоршаған ортаға орны толмас зиян келтірген.

"Ядролық сынақ адамдардың денсаулығына ауыр зардап әкелді. Бұл олардың өмір салтын бұзып, өмір сүру құқығынан айырды. Қоршаған орта мен экожүйелер жойылды, оны қалпына келтіру үшін ондаған жылдар, тіпті бірнеше ғасыр керек шығар", - деді деді Антониу Гутерриш.

Сондай-ақ ол Семей полигоны жабылғаннан кейін ядролық сынаққа қарсы норма қалыптасқанын, ядролық сынаққа жаппай тыйым салу туралы шарт (ЯСЖТШ) қабылданғанын жеткізді.

"ЯСЖТШ ядролық қару жарысын тоқтатып, оны әзірлеуге кедергі жасады, барлық ядролық қару сынағына тыйым салынды", - деді БҰҰ бас хатшысы. 

Сонымен қатар Антониу Гутерриш ЯСЖТШ-ны әлі ратификацияламаған мемлекеттерді шартқа қосылуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу