Семей саяжайларында ұрлық-қарлық көбейген

858

Семей саяжайларында ұрлық-қарлық көбейген

Семейдегі саяжай алқаптарында ұрлық-қарлық көбейген. Қаскөйлер көбінесе темірден жасалған дүниелерді үптеп кетеді. Осындай қылмыстардың бетін ашу үшін шаһарда жедел алдын алу шаралары өткізіліп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Полицейлер бір күнде заңсыз темір-терсек жинап келген екі нүктені анықтады. Рейд кезінде олардың арнайы лицензиялары болмай шыққан. Бұл құқықбұзушылық үшін заң бойынша 15-тен 25 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылады.

Рұқсатсыз темір жинаушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу