Семей ядролық қауіпсіздік аймағы неге құрылмақ?

738

Мәжілісте Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру туралы заң жобасы мақұлданды. Депутат Еділ Жаңбыршин журналистер алдына шығып арнайы аймақ не үшін қажет екенін түсіндірді.

Семей ядролық қауіпсіздік аймағы неге құрылмақ?

"Ол жерде кеңес уақытынан ракета ататын шахталар қалған. Ядролық қаруды сынайтын құрылымдар бар. Оларды әрі қарай пайдаланбау, ликвидациялау үшін жұмыс істеуіміз керек", – дейді Жаңбыршин.

"Бұдан бөлек тазартылған жерлерді анықтап, ауыл шаруашылығына пайдалануға беру көзделген. Ядролық технологияларға ғылыми зерттеулер жүргізу керек. Аймақты физикалық қорғауымыз да керек", – дейді депутат.

Жиында айтылғандай, полигон аумағы 18 300 шаршы метр. Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының аумағында жатыр.

Айта кетейік, Қазақстан өзін ядролық қарусыз ел деп жариялаған.

Фото: fishki.net

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу