Семейде 2 бала суға батып кетті

462

Балалардың денесін құтқарушылар Ертіс өзенінен алып шықты.  

Семейде 2 бала суға батып кетті Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Нахаловка ауданында болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ертіс өзенінде шомылып жүрген 11 және 10 жастағы екі бала суға батып кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

– Полиция қызметкерлері су айдындарында профилактикалық рейдтерді жалғастырып жатыр. Ерекше назар су жағасында ересектердің қарауынсыз жүрген балаларға және шомылуға арналмаған орындарға аударылған, – делінген ақпаратта. 

Осы ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларын су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға және олардың қайда, кіммен жүргенін үнемі бақылап отыруға шақырды. Бірнеше минутқа қараусыз қалдырудың өзі орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу